previous arrow
    next arrow
    Slider
    Slider

    Қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш


    ОБЪЕКТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

     

    DJI 0005

    Қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткі  - 1998 г.

    Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Арай ықшамауданында.

    Географиялық координаттары: (UTM. WGS-84): 41 Т 698913 4963865.


    Үшбөлікті конструкция жоғары бөлігінде біріккен қаңқалы темір қаңылтырдан жасалған кеуек металл элементтер түрінде жасалып, төменге қарай үш сәулесі бетоннан жасалған стилобатқа таянады. Стилобаттың диаметрі 10 м, биіктігі 0,20 м. Конструкцияның диаметрі стилобат беткейі деңгейінде – 7,0 м. Конструкция элементтерінің ішкі жағынан жазулар жазылған, олардың әрқайсысында үш тілдің бірінде. Қазақша «Бұл жерде саяси куғын-сүргiн құрбандарының мүрделерi кайта жерленген», орысша: «Здесь захоронены останки жертв политических репрессий», ағылшынша: «Politikal repressions pemains are burridhere». Бетон стилобаттың ортасында және конструкйия элементтерінің табандары арасында ортасында өлшемі 0,91x0,60x0,07 м сұры дақты қызғылт тақтай, оның үстінде өлшемі 0,60x0,40 м қара граниттен тақтайша орнатылған. Тақтайшада көгершіннің нобайы, «97» саны және қазақ және орыс тілдерінде «Год согласия и памяти татулык пен еске алу жылы» жазуы ойып жазылған.


    DJI 0894

    Ескерткішті айнала диаметрі 20 м бетондалған алаң орнатылған, өзара металл шынжырлармен біріккен металл түтіктерден тұратын бағандармен қоршалған. Ескерткіш жасанды үйме топырақта-стилобатта орнатылған, оған үш деңгейлі бетон баспалдақ апарады.

    Монумент солтүстікке қарайды.

    Тарихи деректер: Мемориалдық кешен 1998 жылы 1930-1940 жж. Саяси қығын-сүргін құрбандарының мүрделері жерленген орында орнатылды. Авторы белгісіз.

     

     

     

     

     


    3dmodel
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    panorama
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    videooblet
    border top
    border left
    border right
    border bottom

     

    Joomla Plugins

    Please publish modules in offcanvas position.