previous arrow
    next arrow
    Slider
    Slider

    Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші


    ОБЪЕКТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

     

    DJI 0211

    Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші - 2010 жыл.


    Объектінің қысқаша сипаттамасы: Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші Қызылорда қаласының Бейбарыс және Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан.

    Мүсін Жалаңтөс Баһадүрдің 425 жылдық мерейтойының құрметіне қойылған. Мүсінге Қызылорда облысының әкімдігі тапсырыс беріп, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, мүсінші Нұрлан Далбаев пен сәулетші Қазбек Жарылғапов орындады. Мүсін төрт бұрыш пішінді гранитті тұғырға қондырылған. Ескерткіш қоладан құйылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 11 метр. Ескерткіштің биіктігі 4 метр, тұғырдікі 7 метр. Тұғыр бетоннан, мәрмәр тақтаймен қапталған, табаны грани тақтайлармен қапталған. Тұғырда «Данқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы 1576-1656 ж.ж.» деген жазу бар.


    DJI 0306

    Тарихи деректер: Жалаңтөс Баһадүр 1575 жылы қазіргі Қызылорданың маңында Қазалы ауданының аумағында дүниеге келген, Төртқарадан («Әлімұлы» руы) шыққан. Жалаңтөстің әкесі – Сейітқұлұлы қазы аталмыш өңірде дәулетті әрі ықпалды адам, руластарының арасында беделі болған. Қазақ руларының көшу аймағы кейде қазіргі Өзбекстан аумағына дейін таралған, осылайша 1581 жылы Жалаңтөстің әулеті мыңдаған руластарымен бірге Бұхара түбіндегі Нұрата тауына көшіп барады.

    Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576-1656) (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Әлім, Байұлы, Жетіру. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі - Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі - Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Турікмен, Қоян туған. Бұларды «Сегіз Сейітқұл» дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.

     1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті.

    Ол 1656 жылы 80 жасында дүние салған, сүйегі Самарқан түбіндегі Дагбит қыстауындағы Мақмұд Ағзам зиратына мұрағаттық дереккөздер, иконографиялық материал.


    3dmodel
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    panorama
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    videooblet
    border top
    border left
    border right
    border bottom

     

    Joomla Plugins

    Please publish modules in offcanvas position.